Мұрынды жуу – вирустар мен суық тиюдің алдын алудың керемет әдісі

Мұрынды жуу – терапевтік және профилактикалық гигиеналық рәсім. Ол мұрын қуыстарын теңіз тұзы негізіндегі арнайы антисептикалық ерітінділермен тазартуды болжайды. Сілемейлі қабықшаларды жуатын кезде қабыну процестері тоқтайды, патогендер шырышпен бірге жуылып шығады. Егер бұрын осыған ұқсас рәсім емдік мақсатта және дәрігердің кабинетінде ғана жүргізілген болса, бүгінгі таңда оны жиірек маусымдық аурулардың, вирустардың, суық тиюдің тиімді алдын алу шарасы ретінде қолданады.

Жуу рәсімі қандай әсер береді

Мүмкін, сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ мұрын жууға арналған «Долфин» құрылғысы шындығында «мың дертке» дауа. Ол:

  • Зарарсыздандырады, демек, мұрын қуыстарындағы патогендердің белсенді көбеюін, олардың әрі қарай көмекейге қарай енуін тоқтатады.
  • Шырышты, іріңді бөліндіні шығаруға көмектеседі. Мұрын қуысының ішіндегісін тазартқан кезде патогендер де шығарылады.
  • Мұрынды арнайы препараттармен өңдеуге дайындайды. Егер сіз жақпа майдың, майдың немесе өзге құралдың әсері барынша тиімді болуын қаласаңыз, алдын ала шырышты тазартып алыңыз.
  • Хирургиялық оталардан кейін оңалу кезеңін қысқартады. Антисептикалық өңдеу жазылуды жылдамдатады.
  • Шырышты қабықшадағы аллергендерді жуады. Мүмкін, біреулер білетін шығар, тоқтамайтын ринит – дәл сол аллергендермен жанасу нәтижесі.
  • Бактериалды зақымдану кезінде ісікті, қабынуды жояды. Бұл мұрынның бітелуін жояды, тыныс алуды жеңілдетеді.
  • Сонымен қатар жергілікті иммунитетті нығайтады, мұрын қуыстарындағы жылауықтар мен ісіктердің өсу процесін тоқтатады.

Ақылға қонымды бағаға керемет құрал! Бірақ, ең бастысы – мұрынның шырышты қабықшасын ұдайы жуып отыру кезекті тұмауды жұқтырып алу немесе суық тию тәуекелін барынша азайтады. Ал, дегенмен, ауырып қалған болсаңыз, «Долфин» құрылғысын күнделікті 2-3 рет пайдалану керек, сонда, сіз жылдам жазылып кетесіз.

Жуу ауруды төмендетуге қалай ықпал етеді

Шырышты қабықшадағы жергілікті иммунитетті нығайту – бұл мұрын лаважы. Бұны толассыз вирустар мен суық тию маусымында жүргізген жөн. Мұрын бітелген кезде мұрын жолдарын жуу ағзаға жұқпалы ауруларға барынша тиімді қарсы тұру мүмкіндігін береді.

Шырыш болған кезде, ол артқы жұтқыншақ қабырғасымен аққан кезде «Долфин» таптырмас құрылғы болып табылады. Қысымның, температураның секіруі нәтижесінде шырыштың көп көлемде түзілуі қалыпты жағдай. Бірақ гайморит, аллергиялық мұрынның бітелуі, мұрында ісіктің болуы, жайылып кеткен аденоидтар, жіті респираторлық жұқпалы аурулар кезінде ағза қолдауды қажет етеді. Егер сіз кез келген вирусты «жұқтырып алатын» болсаңыз, созылмалы гаймориттен зардап шегетін болсаңыз, мұрын жолдарын ұдайы жуып отыру қайталану тәуекелін бірнеше есе төмендетеді.

ЖРА маусымында алдын алу мақсатында, әсіресе, қоғамдық орындарға барғаннан кейін, жұқпалы аурулармен ауыратын адамдармен қатынасқаннан кейін мұрынды ұдайы жуып отырған жөн. Бұл рәсім белсенді гүлдеу маусымында аллергиялармен жасану кезінде аллергиктердің хал-жағдайын жақсартады.

Сақтық шаралары

Антисептикалық тұз ерітіндісімен жуу – пайдалы алдын алу рәсімі, міндетті түрде ескеруге тиісті сақтық шаралары мен қарсы көрсетілімдері бар. «Долфинді» мына жағдайларда қолданбаған жөн:

  • шырышты қабықша қатты ісінген кезде;
  • эпилепсия;
  • құлақтың жіті қабынуы;
  • мұрыннан ұдай қан кету жағдайлары;
  • мұрын жолдарының өткізгіштігі бұзылған жағдайда;
  • кеңсіріктің қатты қисаюы, зақымдалуы;
  • препараттың белсенді құрамдас бөліктерінің жеке адамдарға жақпауы (құрамдас бөліктерге аллергиялар).
Маңызды

Егер күмәніңіз болса, дәрігермен кеңескен жөн (сізге ЛОР дәрігер қажет).