«Долфин» жууға арналған құралы аллергендерді, іріңді, шырышты жояды, жылдам әрі асқынусыз аденоидитті, гайморитті, мұрынның бітелуін емдейді. Жоғары тиімділігі бірегей құрамы мен қолдану жеңілдігіне байланысты.
Риниттер (тұмау, ЖРВИ)
Аллергиялық риносинуситтер
Мұрын қуысындағы отаға дайындық
Алдын алу, гигиеналық жуу
Аденоидит
Риносинуситтер (фронтиттер, гаймориттер)
Оларға жіті отиттер мен асқыну сатысындағы созылмалы отиттер, құралдың құрамдас бөліктерінің жеке адамдарға жақпауы, үшінші дәрежелі аденоидтар, мұрын қуысында түзілетін жиі қан ағып кету жағдайлары жатады. «Долфин» құрылғысын төрт жасқа толмаған балаларға және мұрын жолы бітелген науқастарға қолдануға болмайды.
Компания Қазақстанда баламасы жоқ бірегей өңдемені ұсынады. Оның басты мақсаты жанама реакциялары жоқ, қолданылуы жеңіл әрі ыңғайлы, тиімді, табиғи өнімді шығару. «Долфин» мұрын жууға арналған құрылғысы жұмсақ саптамасы бар ирригатор сауыт болып табылады. Сіз қысымды, ерітіндіні беруді реттей аласыз. Бұл жуу рәсімін жайлы әрі ыңғайлы етеді. Рәсімге қажеттінің барлығы жинақ ішінде бар.
«Долфин» мұрын жууға арналған дайын ерітіндімен бірге жүреді. Галит негізіндегі минералды- өсімдікті құрал (тас тұзы) минералдармен байытылған, олар емдейді, адамның жағдайын жақсартады, вирустар мен микробтарды химиясыз жояды. Магний, калий, фосфат пен кальцийден басқа, ерітінді құрамына итмұрын жемістерінің сығындысы мен қызылмия тамыры кіреді.