Үйде мұрынды жуумен қиындықтар бар ма? «Долфиннің» арқасында ол туралы ұмытыңыз!

Мұрынды тұз ерітіндімен жуу вирустар, суық тию кезінде сауығуды жылдамдатады, «науқан» кезінде ЖРА тәуекелін барынша азайтады, аллергия кезінде жағдайды жеңілдетеді. Бұл рәсімді үй жағдайында өз бетіңізбен жасауға болады, өйткені өте ыңғайлы. Бұрын жасап көріп, бірақ жолыңыз болмады ма немесе нәтижесіне көңіліңіз толмады ма ? Мұрын жууға арналған «Долфин» құрылғысын пайдаланып көріңіз. Бұл құрылғымен алғашқы пайдаланудан бастап -ақ жолыңыз болады, патогендер толық жойылып, жанама әсері болмайды.

Мұрынның бітелуі – қайдан пайда болады және не істеу керек

Мұрынның бітелуі және онымен байланысты жағымсыз белгілер мынадай себептерден пайда болады:

  • Маусымдық аллергиялар. Көктем және жаз маусымдарына, яғни белсенді гүлдеу кезеңіне тән.
  • Лас ауа. Ірі қалаларда экологиялық ахуал мәз емес.
  • Жылыту маусымы. Бөлмедегі құрғақ ауа шырышты қабықшаны кептіріп жібереді де, ол артық шырыш бөліп шығарады.

Мұрынды ұдайы жуып отырудың арқасында хал-жағдай іс жүзінде елеулі түрде жақсарады. Бұл рәсімді үйде жасауға болады, бұл үшін ем-шара кабинетіне жазылу міндетті емес. Кейбір пысық адамдар ерітіндіні өздері жасап алады, бірақ, денсаулығыңыз маңызды болса, біз бұндай сынаққа жол бермеуге шақырамыз. «Долфин» дайын ерітіндісінің құрамы теңгерімді және алға қойған міндеттерді мінсіз шешеді. Тұз бен суды араластырып, ерітіндіні өзіңіздің жасай алатыныңызға сенімдісіз бе? Ас тұзының құрамында жиі бөгде қоспалар болады, олар шырышты қабықшаны тітіркендіруі мүмкін. Есесіне, дайын антисептикалық теңіз ерітіндісі емдік минералдар мен дәрумендерге бай. Ол мұрын жолдарын шырыштан, патогендерден жылдам тазартады, ісікті басады, табиғи регенерация процесін еске қосады.

«Долфин»-мен бірге тиімді әрі жайлы рәсім

«Долфин» – жәй ғана ерітінді емес, мұрын жууға арналған құрылғы. Оны пайдалану өте оңай, нұсқауды дұрыс орындаған жағдайда препаратты шатасып «басқа жерге» «құйып жіберу» мүмкін емес (басты беттегі бейне фильмді қара). Жинаққа белсенді құрал салынған қалташалар кіреді, ерітіндіні тура қолданар алдында дайындау керек. Бұл оның пайдалы қасиеттерін барынша сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Мұрын жууға арналған «Долфин» құрылғысын пайдалану өте оңай:

  1. Ерітіндіні әзірлеңіз – бұл үшін қалташаның ішіндегіні құрылғыдағы арнайы ыдысқа салу керек. Кейін сәйкес сызыққа дейін қайнаған жылы су құйып, дозаторды тұмшалап бұрап жабыңыз.
  2. Ерітіндінің құрамдас бөліктерін мұқият араласу үшін ыдысты бірнеше рет шайқап жіберіңіз.
  3. Ыңғайланып тұрып алыңыз – алға қарай 90 градусқа еңкейіп, деміңізді ішке терең тартып, ауаны ұстап қалыңыз.
  4. Құрылғының қақпағын танауға жақындатып, баяу әрі біркелкі әрекет етіңіз. Ерітінді танаудың бір бөлігін толтырып, кейін екіншісінен ағып шығу керек.
  5. Кейін екінші танаумен қайталау керек.
  6. Шырыш қалдығын жою үшін мұқият сіңбіріп тастау керек. Ауызды ашыңқырап ұстау керек.

Ерітінді біткенше танауды кезекпен жуған жөн. Дайын ерітіндіні бір рәсімде тауысу керек.

Сонымен қатар «Долфинді» тамақты шайқау үшін пайдаланады. Бұл үшін бір қалташаның ішіндегісін 120 мл жылы суға еріту керек. Жылдам сауығып кету үшін тамақты шаю мен мұрынды жууды қатар орындау керек.

Қосымша ұсынымдар

Жууға арналған ерітінді суық болмауы тиіс. Ең керемет температура – 36-37, яғни адам денесінің температурасы. Рәсімді тамаққа дейін жарты сағат бұрын немесе тамақ ішіп болғаннан кейін бір сағаттан соң жүргізген жөн.

Мұрын ішінара бітеліп тұрған болса, жууға дейін тамыр тарылтатын дәріхана тамшыларын тамызу керек. 4 жасқа дейінгі сәбилердің мұрнын мүлдем жумаған жөн. Күмәніңіз болған жағдайда бала дәрігерімен кеңескен жөн.