Мұрынды не үшін жуу керек
Рәсімді орындау көрсетілімі:
- қабыну;
- тұрақты аллергиялар;
- анық ісіну;
- ісіктің белсенді таралуы;
- мұрынның бітелуін ашу;
- шырышты жою;
- бактерияға қарсы әсер.
Мұрынды теңіз тұзы негізіндегі ерітіндімен жуу суық тию мен вирустардың алдын алу үшін, ЛОР-оталары мен олардан кейін, ұдайы аллергиялар кезінде пайдалы болмақ. Емдік мақсатта рәсімді кемінде бір апта бойы күніне 2-3 реттен қайталаған жөн. Алдын алу мақсатында препаратты тәулігіне бір рет қолдану жеткілікті.
Қарсы көрсетілімдері бар ма?
Негізінен мұрын жууға арналған ерітінді денсаулыққа аса пайдалы, бірақ оның өз ерекшеліктері болуы мүмкін. Құралды пайдаланбас бұрын оның құрамын мұқият оқып шығып, белсенді құрамдас бөліктеріне аллергияның жоқтығына көз жеткізіңіз. Зақымдалған кеңсірік, шырышты қабықтың қатты ісуі, психиканың бұзылуы, эпилепсия, отит, мұрыннан ұдайы қан кету рәсімді өткізуге шартты қарсы көрсетілім болып табылады.
Рәсімді жүргізетін кезде нені ескеру керек?
Мұрын жолдарын өз бетімен суландыруға болады, бірақ, тиісті нұсқауды орындап, тексерілген препараттарды пайдалану керек. Үйде әзірленген тұз ерітіндісі – дұрыс шешім емес, оның құрамында улы қоспалар болып, олар шырышты қабықшаны зақымдауы мүмкін.
Рәсімді жүргізер алдында мұрын жолдарының жәй-күйін тексеріңіз. Микро жарақаттардың, жарақаттардың барына күмән болған жағдайда рәсімді кейінге қалдырған дұрыс. Қалыпты жағдайда жуу кезінде күйдіру, жайсыздық сезімі туындамайды. Ерітіндінің өзі жылы болуы тиіс. Танауды кезекпен жуу керек, артық шырышты шығарып алу үшін міндетті түрде сіңбіріп тастау керек.
«Долфиннің» артықшылықтары қандай?
Барлық тұз ерітіндісі пайдалы емес, бұған қоса оны дұрыс пайдалана білу керек. Егер тексерілген әдісті іздейтін болсаңыз, «Долфинге» көңіл бөліңіз. Мұрын жууға арналған құрылғыны қолдану жеңіл, ол ересектерге де, балаларға да лайық. Галит негізіндегі препараттың құрамында емдік сығындылар бар, олар микробқа қарсы әсер етеді, шырышты қабықшаны тыныштандырады. Сауытты пайдалану өте оңай – басты алдыға қарай 90 градусқа еңкейтіп, екі танауды жуу кезекпен жуса болғаны.
«Долфин» жиынтығына мыналар кіреді:
- Пайдалануға дайын жууға арналған құрылғы.
- Дәрілік ерітінді – әрқайсысы 1 г (балалар үшін)/2 г (ересектер үшін).
Ересек адам үшін бір емдеу курсына 30 қалташа жеткілікті. Ерітіндіні дайындау оңай, нұсқаулықты орындау жеткілікті. Бір рет қолдануға арналған құрам әзірленеді, оны бірден қолдану керек болады.
Жууға арналған ыңғайлы құрылғы мұрын жолдарынан аллергендерді, шаң-тозаңды және патогенді ағзаларды сенімді жоюды қамтамасыз етеді. Еркін тыныс алу қалпына келеді, сауығу процесі жылдамдайды. «Долфин» құралының анық иммун түрлендіруші, антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. Оны жылы қайнаған суға еріткен кезде минералды құрамы бойынша қан плазмасына жақын сұйықтық пайда болады. Сондықтан шырышты қабықша құрғамайды, күйдіру, ашу, тітіркену болмауы тиіс.
Ерекше нысандағы саптамасы артық қысымды жояды, сұйықтық мұрын қуысына бірқалыпты беріледі. Рәсім барынша жайлы өтеді. Құрамы – 100% табиғи.